Бейбіт Шүменов - қазақстандық кәсіби боксшы. WBA Super тұжырымдамасы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы (2010-2014). WBA тұжырымдамасы бойынша тұрақты әлем чемпионы (2016-…), WBA тұжырымдамасы бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесінде уақытша әлем чемпионы (2015-2016).

Видео
Аң ыз

Бейбіт Шүменов кәсіби шаршы алаңда 19 кездесу өткізіп, 17-сінде жеңіске жеткен. Оның 11-ін нокаутпен ұтқан. Бейбіт кәсіби бокстан 10 жекпе-жектен кейін жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы. Бүгінгі күнге дейін ешкім оның бұл рекордын жаңарта алмады.

Жетістікке қол жеткізу үшін өзіңе сеніп, күн сайын өзіңмен жұмыс істе және ешқашан беріспе. Тіпті сүрініп, жығылып жатсаңда, өз арман-мұратыңнан бас тартпа. Өмірлік тәжірибемнен түсінгенім, адамның қолынан келмейтін іс, мүмкін емес дүние жоқ.

Өмір салты