Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов Оңтүстік Кореяға аттанған спортшыларға сәттілік тіледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына аттанған спортшыларды қолдап, видео арқылы сәттілік тіледі.

«Қазақстан құрамасы Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына аттанды. Әрине ол жақта оңай болмасы анық. Оны әрбір спортшы жақсы біледі. Мен өзім 2004 жылы Афины қаласында өткен Олимпиадаға қатысқанмын. Сондықтан мен сіздердің көңіл-күйлеріңізді жақсы түсінемін. Және сіздерге өр рух, жеңіске деген жігер, сенімділік  тілеймін. Қыздар, жігіттер! Сіздерге барша Қазақстан халқы – жанкүйер. Біз сіздерге сенеміз. Сәттілік, жеңіс, көптеген жүлде тілеймін. Алға Қазақстан!», – деді спортшы.